Сәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп болжанады
Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Алматы облысының солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында оның екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Таңертең және түстен кейін найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, басқа бөлігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада найзағай ойнайды деп күтіледі, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Түнде Ұлытау облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда түнде және таңертең найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Павлодарда күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.