Астанада аулада тұрған мопед өртенді: жалын тұрғын үйдің балкондарын да шарпыды

Электр мопедінен шыққан өрт Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші және екінші қабаттарында орналасқан пәтерлердің балкондарына өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астананың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әзірбаев көшесінде мопед өртенген.
"Сағат 01:00-де Алматы ауданы, Кеңес Әзірбаев көшесі, 6 үйде жалпы алаңы 20 шаршы метр болатын 1-2 қабатты балкондардың пластикалық конструкцияларына өтті". Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды, оның жетеуі - бала, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Өрт 01:15-те ауыздықталып, 01:22-де сөндірілді. Оқиға орнында 10 адам мен екі техника жұмыс істеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript