Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҚМА: TikTok желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды

ҚР ҚМА, TikTok, құмар ойындар, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 10:13 Сурет: pexels
TikTok әлеуметтік желісінің қазақстандық сегментінде заңсыз құмар ойындар транслициясы жандана түскен, елде жыл басынан бері 2 мыңнан астам онлайн казино бұғатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі 31 тамыз күні заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Агенттіктің мәліметінше, 2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болды, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды.

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады. Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды. Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден ағымдағы жылғы 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайды. Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда. Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен а. ж. 12-ге дейін яғни, 3 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі (2022 жылы – 2, а.ж. – 2) анықталды.

Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен.

Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Қаржылық монитринг агенттігі мамандары құмар ойындарды жиі тарата бастаған TikTok әлеуметтік желісіндегі жағдай алаңдататынын алға тартты.

"Биыл TikTok желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда). 4 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне (4 жылдан) және 2 адам бас бостандығын шектеуге (1,5 жылдан) сотталды. Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, TikTok платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

ҚМА құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталатанын мәлімдеді. 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: