Атырау облысында суға бата жаздаған отбасыны аман алып қалған тұрғын марапатталды
Солардың бірі Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны Манарбек Қартбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Суда батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
2023 жылғы 4 маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы Тұрғызба ауылының тұрғындары 7 адамнан тұратын отбасы (3 ересек, 1 ұл, 3 қыз) ауылдың жанында орналасқан Жем өзеніне шомылуға аттанған. Шомылу кезінде күтпеген жерден балалардың бірі Ерназ (2010 жылы туған) алысқа кетуге тыйым салынғанына қарамастан, терең шұңқырға түсіп, суға бата бастаған. Осы уақытта інісінің көмек сұраған дауысын естіген ағасы Елдос (1998 жылы туған) бірден көмектесуге ұмтылады. Елдос уақыт жоғалтпай інісін құтқаруға тырысқанымен, өзі бата бастайды. Жағада тұрған 3 апалы-сіңлі Айсана, Дана және Меруерт (2000, 2008, 2006 жылы туған) не болып жатқанын көріп, суға батып бара жатқан ағасын құтқаруға тырысады, осылайша олар тізбек құрып бір-бірінің қолынан ұстап көмектесуге талпынады. Олар суға алысқа барғанымен кенеттен алда келе жатқан Айсананың аяғы суық суға құрыса бастап, бұдан әрі бара алмаған. Айсана сіңлілерімен қолдарынан келмейтінін түсініп, бауырларынан айырылып қалудан қорқып, бар күшімен айғайлап, көмекке шақыра бастады.
Олардың жанында ерлі-зайыпты жұп кілем жуып жатқан. Балалардың дауысын естіген Манарбек Қартбаев ойланбастан көмекке жүгірген. Бірнеше минут ішінде ол оқиға орнында жетіп барып, бірнеше метр жерде, судың астында өмір үшін күресіп жатқан ұлдарды көреді. Суға сүңгіп, алдымен Ерназды, содан кейін Елдосты құтқарып алды. Кейін қыздарға судан шығуға көмектескен.
Манарбек Қартбаев жылдам қимылының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалды.