Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қанша студент 1 қыркүйектен бастап жоғарлатылған шәкіртақы алатын болады

Үкімет қаулысы, жоғарлатылған шәкіртақы, Алматы Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды, Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 35 ЖОО мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді. 

Алматыда ЖОО 191мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады (қалған 96 мың-ақылы бөлімде оқитындар):

  • бакалавриат - 81,4 мың,
  • магистратура - 8,6 мың,
  • докторантура - 2,1 мың,
  • резидентура - 1,1 мың,
  • интернатура - 1,8 мың.

 

Сондай-ақ, колледждердің 20 мың 303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.

 

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға 15%-ға, ТжКБ студенттеріне 50%-ға артады. Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:

  • докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға - 111 579 теңге;
  • магистрантарға – 97 024 тенге;
  • интерндерге – 75 890 тенге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге - 67 200 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, "Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңге;
  • жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 32 681 теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге орта білімнен кейінгі білім беру – 31 422 теңге.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз