Жаңалықтар тізбегі
0

US Open: Данилина да, Голубев те турнирдің үшінші айналымына шыға алмады

Андрей Голубев Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Андрей Голубев US Open 2023 турнирінің екінші айналымындағы матчтарын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің 1/32 финалында британиялық теннисші Хитер Уотсонмен жұптасып, жапон-индонезиялық Мию Като - Алдила Сутджади жұбымен кездесті. Олар қарсыласынан екі сетте 3:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды.

Бұл кезде ерлер арасындағы жұптық сайыста №7 кортта Андрей Голубев ресейлік Роман Сафиуллинмен бірге турнирдің үшінші айналымына шығуға таласты. Олар Мэттью Эбден (Аустралия) мен Рохан Бопаннаға қарсы ойнап, 3:6, 3:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы, US Open турниріндегі Қазақстанның жалғыз өкілі - Елена Рыбакина үшінші айналымдағы матчын өткізеді. Ол румыниялық теннисші Сорана Кырстямен ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен 2 тамыз сағат 07:00-де өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз