Марат Қарабаев Көлік министрі болды

Марат Қарабаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 11:50 Сурет: gov.kz
Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің тиісті Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

"Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Марат Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2008 жылы "Ташкент автомобиль-жол институтын" - "Ғимараттар мен құрылыстар салу" мамандығын бітірген.

2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – "Өндірісті-жүйелік инженерия" мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығын тәмамдаған.

Еңбек өтілі

  • 2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы.
  • 2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
  • 2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы.
  • 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы "Максимум" өңірлік инвестициялық орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
  • 2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
  • 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.
  • 2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.
  • 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.
  • 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
  • 2023 жылғы қаңтардан қазірге дейін (2023 жылғы 2 қыркүйек) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: