Тоқаев: Ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгерту керек
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесінде ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгерту және халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тұрақты байланыс жасауға қатысты жаңа идеялардың қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сервистік полицияны дамыту ісін жалғастыру керек. Ол үшін тұрғындарға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын ұсыну қажет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі де айтарлықтай өзгерістерді қажет етеді. Биыл 30 маусымда ІІМ кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларымның іске асырылуын қамтамасыз ету керек. Жүктелген міндеттер – өте маңызды. Сондықтан оларды табысты орындау үшін барлық жеке құрам және ең алдымен, министрлік басшылығы жұдырықтай жұмылуы қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент ІІМ басшылығына жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript