Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды
Сурет: видео скрині
Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды, ұрлық Фуркат көшесіндегі ЖШС бірінің аумағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, 40 жастағы туған Н.есімді азамат күзетілетін аймаққа заңсыз кіріп, 2 жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.
"Күдікті анықталды және ұсталды. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қаскөйдің ұрланған мүлікті сатқан жері де анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың басқа да ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript