Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 5 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 20:05 Сурет: pixabay
Синоптиктер 5 қыркүйекте Астанада және Қазақстанның 11 облысы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы ауд оңтүстік-батысқа андарында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Павлодарда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнауы мүмкін. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: