Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық базасына барды

Республикалық олимпиадалық даярлық базасы, Алматы облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 21:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында олимпиадалық даярлық орталығы құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бүгінде атлетикалық манеж, мұз аренасын, көпфункционалды спорт залын, көркем және спорттық гимнастика залын, әкімшілік ғимараты мен қонақ үй салу  жұмыстары аяқталғанын баяндады. Сонымен қатар жүзу бассейнінің, жекпе-жек залының, спорттық атыс алаңының, трибуналары бар стадион мен садақ ататын орынның құрылысы аяқталып келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналатын инфрақұрылымды аралап көрді. Халықаралық стандарттарға сай бұл нысан 2300 спортшыға арналған.


Мемлекет басшысына аталған базаның бірегей ерекшелігі туралы айтылды. Мұнда оқу-жаттығу сабақтарын, емдеу-сауықтыру шараларын, халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге арналған 9 жабық спорт ғимараты орналасқан. Бұдан бөлек, жеңіл және ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, шайбалы хоккей, коньки спорты, бокс, күрестің барлық түрлері, жекпе-жек өнері, су спортының түрлері, спорттық оқ ату, садақ ату  секілді спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командаларын даярлау жоспарланып отыр. 

Президентке атлетикалық манеж бен спортшыларға арналған қонақ үй көрсетілді. 

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев аталған базаның орталық алаңындағы олимпиада алауының жанында спортшылармен әңгімелесті.

Президент бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту маңызды екенін атап өтті.


"Қазір негізгі күш-жігерді Олимпиада мен Азия  ойындарына, сондай-ақ өзге де еуропалық, әлемдік деңгейдегі турнирлерге дайындалу үшін жұмсау керек. Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт  нысандарын салып жатырмыз. Қалашықтың спорттық әлеуетін арттыра беруіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға жаңа жеңістер тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: