Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде оқып жатқан анголалық студент Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Сүлеймен Демирел атындағы университет, анголалық студент, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 22:24 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды. Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ангола азаматы, университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті, делінген Ақорда хабарламасында.


Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.  Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді. 

Мемлекет басшысына университетте қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және IT салалары бойынша жобаларды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, ғылыми зертханалар жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Бұдан бөлек, университет шетелдік 70 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан, сондай-ақ Erasmus бағдарламасына, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысты басқа да жобаларға қатысады.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы облысы, Сүлеймен Демирел атындағы университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 22:24

Сурет: akorda.kz


Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өтті.

"Қазіргі заманда технологияны жетік меңгеру керек. Мен өз Жолдауымда Қазақстанды  IT саласы дамыған озық елге айналдыру қажеттігі туралы айттым. Университеттеріңізде осы игі мақсатқа жету үшін зор күш-жігер жұмсалып жатыр деп ойлаймын. Сіздер оқуда озат болады деп үміттенемін. Ұлыбританияда және басқа да шет елдерде білім алған білікті профессорларыңыз бар. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елімізге білімді, белсенді және ақылды жастар қажет. Сондықтан сіздерге зор сенім артамын. Баршаңызға табыс тілеймін", – деді Президент. 

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Мемлекет басшысына "Формула Студент" инженерлік жарыс жобасы аясында өздері құрастырған автокөлікті көрсетті.


Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 22:24

Сурет: akorda.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: