Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы бір фейк: Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектің алтыдан бір бөлігі — контрафакт

Фейк, әлеуметтік желі, дәрі-дәрмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 17:39 Сурет: pixabay
"Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектің алтыдан бір бөлігі контрафакт, ал дәріханалардағы препараттар көбінесе жарамсыз әрі қауіпті" Желіде тараған бұл ақпаратты ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода ер адам ҚР кеденінде "Фастум гель" препаратының партиясы тәркіленді, оның вазелин бұрыш және лимон сығындысынан тұратыны анықталғанын, ал Қарағандыда 35 жастағы автобус жүргізушісі "анальгин" ішіп, жарты сағаттан кейін қайтыс болғанын, дәрінің құрамында егеуқұйрыққа қарсы у болғанын айтады. Тіпті, ол "Но-шпа" дегеніміз тексеру кезінде бор болып шыққан деген фактіні алға тартады. 

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мұның барлығын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері бұл мәлімдеме бойынша Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында бұзушылық фактілерін анықтаған жоқ және тіркемеген. Яғни, белгісіз дәріскер айтқан "фактілердің" ешқайсысы расталмады, демек, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді". 

Сондай-ақ елімізде барлық дәрі-дәрмек дәріханаларға жеткізілмес бұрын қауіпсіздік мен тиімділік жағынан міндетті сараптамадан өтетіні де баса айтылады.

"Кешенді бағалауды Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығының сарапшылары жүргізеді (ДЗМБСҰО). ДЗМБСҰО сарапшылары құжаттарды мұқият талдайды, клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер бойынша деректерді зерттейді, зертханалық зерттеулер жүргізеді. Соның қорытындысы негізінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тіркеу куәлігін, яғни Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге рұқсат береді. Сонымен қатар дәрі-дәрмектерге тұрақты фармакологиялық қадағалау және қолдану кезеңінде медициналық өнімдерге мониторинг жүргізіледі, яғни препараттар мен медициналық өнімдердің сапасын талдау және бағалау бүкіл өмірлік циклде жүзеге асырылады. Бұл жұмысты Комитет ұлттық орталықпен бірлесіп атқарады", деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ желіде тараған видеоның ескі екені де айтылады. Суреттерді кері іздеу құралының көмегімен видеоның алғаш рет 2019 жылдың наурыз айында Facebook әлеуметтік желісінде жарияланғаны анықталды. Бірақ онда кімнің сөз сөйлеп тұрғаны және оның қайда түсірілгені жазылмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: