Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда жатақханадан көшкісі келмеген жетім балалар наразылық акциясын ұйымдастырды

Жетім балалар, Орал, жатақхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 19:05 Сурет: видеодан алынды
Орал қаласында "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері көшуге наразылық білдіріп, шатырдың үстіне шығып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қыркүйекте балалар үйінен кейін жетімдер тұратын "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің бірнеше тұрғыны көшуге қарсылық білдіріп, шатырға шықты. Олар әкімдік кепілдік міндеттеме алмайынша, бұл арада көшуге ниетті емес екендіктерін айтады. Осылайша олар күрделі жөндеуге жабылмақ апатты үйдегі жалғыз баспанасынан айырылып қалмауға тырысуда, деп хабарлайды "Мой город".

"Жұма күні бізге сәрсенбіге дейін көшу керектігімізді айтты. Бүгін 11-де бізге құжаттарымызды әкеліп беруі керек болатын, бірақ бізге тек үйден шығаруды  құлақтандыратын қағаз берді. Яғни, кейін осында оралатынымызға кепілдік жоқ, сондықтан біз қарсымыз. Біз балалармен бірге көшеде қаламыз ба деп қорқамыз", - дейді Шаңырақ тұрғыны Кристина Арыстанғалиева.

Наразылық білдірген бірнеше адам ғимараттың төбесіне көтеріліп, тұрғындарға кепілдік міндеттемелерін беру және шаңыраққа кері қоныстануды қамтамасыз ететін шарттар жасау үшін облыс пен қала әкімінің келуін талап етті. Мұндағы бөлмелер олардың жалғыз баспанасы, басқасын алуға ешкімнің ақшасы жоқ.

Оқиға орнына Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов келіп, жиналған қауыммен сөйлесіп, келісімшарттар ұсынуға уәде берді.


"Менің ойымша, әкімшілік уақытында дұрыс жұмыс істемеген. Жөндеу жұмыстарынан кейін бәрі өз бөлмелеріне қоныстанатынын түсіндіру керек еді. Олай етілмеген.  Енді біз мұнда тұратындардың бәрі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта бөлмелеріне қоныстанатындығы туралы хаттар беретін боламыз. Бұл мәселе шешіледі. Сондай-ақ оларды көшу мәселесі алаңдатады, бірақ біз барлығын бір жерге орналастыра алмаймыз. Тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз, мұның бәрі солардың өздері үшін жасалып жатыр", – деп түсіндірді Миржан Сатқанов.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: