Шымкенттегі көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Шымкенттегі Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, кейін полицияға хабар берген.
Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды.
Екі ер адам подъезде кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған.
Кейін жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты жазаны сот тағайындайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript