2500-ден астам сирек кездесетін құс босатылып, мекен ететін ортасына жіберілді

Қазақстанның үш облысында сирек кездесетін құстардың популяциясын қалпына келтіру үшін 2648 жек-дуадақтар босатылып, табиғат аясына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, аталмыш құстардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары мен Халықаралық жек-дуадақтарды қорғау коғамы бірлесіп Жетісу облысына 800 дарақ, Түркістан облысына 504 дарақ және Маңғыстау облысына 1344 дарақ құстарды мекен ету ортасына жіберді.

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Айта кету керек, жек-дуадақтар ұзақ өмір сүретін құстардың қатарында. Кейбір дарақтардың жасы 25-ке дейін жетуі мүмкін", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript