Павлодарда кішкентай қыздың балабақшадан маңдайы көгеріп оралған

балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 23:45 Сурет: pixabay
Павлодарда кішкентай қыз балабақшадан жарақатпен оралды, оқиғаға қатысты қазір тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздың маңдайы көгерген және түрлі жарақаттары бар суреттері тарады. Онда автор оқиғаның 14 қыркүйек күні болғанын жазған.

Анасы балабақшадан оралған қызының көгерген жерлерін байқаған. Бүлдіршінді дәрігерлер тексеріп, үш жерінде ісік бар екенін растады.

Өкінішке қарай, жеке балабақшада жөндеу жүргізіліп жатуына байланысты бейнекамералар жұмыс істемейді, бірақ мекеме қыздың құлап қалғанын растаған.

Жәбірленушінің анасы полицияға арызданған. Оның өтініші облыс орталығының солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі бойынша шешімі қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: