Биыл Екібастұздағы жағдай қайталануы мүмкін бе
Сурет: Павлодар облысының әкімдігі
Бірден екі министрлік – өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері "Қазақстанда Екібастұздағы жағдай қайталана ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
19 қыркүйекте үкіметтің баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына жергілікті жерлерде бақылау күшейтілгенін айтты.
"Біз әкімдіктерден келетін хабарламаларға сүйеніп қана қоймаймыз, оған қоса жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан негізгі нысандарды тексереміз", – деді министр.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов жаңа жылу беру маусымына дайындық кезінде қауіп бар екенін мойындады.
"Өкінішке қарай, жылу электр орталығы бар орталықтандырылған жылу жүйесі бар қалалардың барлығына осындай қауіп төніп тұр. Біз ерекше бақылауға алынған қалаларды атадық - бірінші кезекте өткен жылы қиындыққа ұшыраған қалалар және жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатқан жылу электр орталықтары бойынша. Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтеді деп сенеміз", – деді ол.
Жандос Нұрмағанбетов алдағы жылыту маусымына қатысты ешқандай кепілдік бере алмайтынын айтты. Оның айтуынша, министрлік Маңғыстау облысы, Ақтау, Жезқазған қалаларын ерекше бақылауға алған.
"Бізді МАЭК алаңдатады. Теміртау қаласы бойынша да кешеуілдеп жатыр, атап айтқанда ЖЭО-2 АМТ бойынша. Екібастұзда жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталды. Менің ойымша, онда биыл бәрі қалыпты өтеді. Риддер қаласы бойынша қаржыландыру кеш жүрді, ол жақта қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Алғашқы екі қазандықты қыркүйек айының соңына дейін аламыз деп отырмыз", –деді вице-министр.
12 қыркүйек күні Қазақстанда он бір жекеменшік ЖЭО-дағы жағдай қиын екені мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript