Павлодарда өндіріс орнында зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр

палата, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 23:52 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда өндіріс орнында әйел адам зардап шекті, оқыс жағдай 18 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, "Қазақстан алюминийі" АҚ-да гидрометаллург-аппаратшыға сілтілі ерітінді түскен. 

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу ұйымдастырылып жатыр", - деп хабарлады басқарма.   

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын орында жатқанын хабарлады. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады, есін біледі.

Беті мен сол жақ жоғарғы аяғын, денесін  22% термохимиялық күйік шалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: