Ер адам колонияға 11 телефонды бәліштің қорабына жасырып өткізбек болған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 00:32 Сурет: Zakon.kz
Әйелдер колониясына қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №10 мекемесіне 11 телефон салынған бәліш қорабын кіргізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 қауіпсіздігі орта мекемесіне ер адам тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан.

Ер адам он бір телефонды печенье мен пирог қораптарына жасырып, оларды өткізбек болды. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында өткізу фактісінің алды алынып, 11 телефон, екі қуаттағыш, құлаққап және 17 электронды темекі таяқшалары тәркіленді.

"Қазіргі уақытта әкімшілік шешім қабылдау үшін ер адамға қатысты материалдар Іле ауданының полиция басқармасына жіберілді".ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: