Қазнетте "Оқушыларға жасырын екпе салды" деген жалған ақпарат тарап жатыр
Сонымен қатар бұл құрылғылардың мектептерге жеткізілгені және балаларды жасырын вакцинациялау үшін қолданылатыны айтылған.
Stopfake басылымы кейінгі онжылдықтарда ғалымдардың пластырьге орнатылған вакцина шығаратынын айта келе, осы уақытқа дейін әлемнің ешбір жерінде мұндай технология клиника сынақтарынан тыс қолданылмайтынын ескертті.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде мұндай вакцина пластырьлері жоқ екенін растады.
"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған. Балаларға кез келген вакцина тек олардың заңды өкілдерін хабардар етіп, ерікті келісімімен салынады"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Министрлік дәйексіз (жалған) ақпаратты таратпауға шақырды. Сонымен қатар ресми дереккөздерден алынған ақпаратты оқуды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі ерікті келісімінсіз балаларға да, ересектерге де екпе салу заңсыз екенін тағы бір ескертті.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қазнетте Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған видео тараған еді. Кейінірек полицейлер фейкті жасаған Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады.