Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда білім гранаттары қысқаруы мүмкін бе

Білім гранты, Саясат Нұрбек, 2037 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 20:16 Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еңбек күніне арналған форум аясында "Қазақстанда гранттар санының қысқаруы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені журналистер қозғады. Олар "Қазақстанда 2037 жылдан бастап гранттар бөлу тоқтатылатындығы рас па" деп сұрады.

"Бұл - қате ақпарат. Гранттарды бөлу 2037 жылдан бастап тоқтатылмайды. Бірақ гранттар саны азаюы мүмкін. Біз жоғары білім алу құқығын сақтаймыз, бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ гранттар саны өзгеруі немесе азаюы мүмкін", - деді Саясат Нұрбек.

Ол келесі жылдан бастап "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне көшу қажеттігін атап өтті.


"Бұл әрбір ата-анаға 5 жастан бастап баласына біртіндеп ақша жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің мемлекет сақтандыру және жинақтаушы компаниялар арқылы төлемдер жасайды. Бұл жоғары білімге қол жетімділікті сақтаудың жоспарлы шарасы. Өйткені, ақша біртіндеп, 15-20 жыл ішінде жиналады. Бала 17-18 жасқа толғанда шамамен 12,5 млн теңге жиналады. Қазір біз барлық есептеулермен жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, бала жоғары оқу орнына түскен кезде отбасында кепілдендірілген жинақ болады. Сондықтан бұл бір мезетте орын алатын жайт емес. Ақша 15-20 жыл ішінде жиналған кезде. Гранттар саны да азаюы мүмкін. Бірақ грантқа мемлекеттік тапсырыс сақталады. Бұл біздің мемлекетіміздің негізгі қызметі", – деп сөзін түйіндеді министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: