Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік жасөспірім анасы қызбен кездесуге тыйым салған соң үйден кетіп қалған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 09:19 Сурет: видео скрині
Шымкентте полицейлер жоғалған 6 баланы іздеп тауып, отбасына амен-есен табыстады. Олардың бәрі 15 және 16 жастағы жасөспірімдер, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, оралмағаны туралы полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізді.

Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, қалағанын істеуге ұмтылуы себеп болғаны анықталды.

Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын жеткізді. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, іс жүзінде оған рұқсат жоқ деп шағымданды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Жеткіншектердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарып, өзгенің басына түскен іске немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: