Жаңалықтар тізбегі
0

Қазнетте мектеп оқулығындағы "қисынсыз әңгіме" қызу талқыланып жатыр

Қазнетте мектеп оқулығындағы "қисынсыз әңгіме" қызу талқыланып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 14:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтарды мектеп оқулығының мазмұны тағы да ашуландырды. Бұл жолы ата-аналардың назарына 3-сынып оқушыларына арналған "Литературное чтение" оқулығы ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптаның басынан бері қазақстандықтар әлеуметтік желілерде 3-сыныпқа арналған "Литературное чтение" оқулығының мазмұнын талқылап, наразылық білдіріп жатыр. Видеолардың бірінде ата-ана кітапты ашып, "Көктемде" деген әңгімені оқи бастайды.

"Көктемгі түйе рельстерді иіскеп, түлеп ұшты"... Мұны жазу үшін не шегу керек? Міне, бүгінгі мәтіндер осындай. Кітапты әлдебір нашақор жазған сияқты тура. Бұл - үшінші сыныптың әдебиет оқулығы", – дейді ашуланған келіншек.

Мұндай шағымдар 2019 жылы да болған еді.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жүгінді.

"Баспада ұсынылған Геннадий Снегиревтің "Көктемде" әңгімесінен үзінді "Алматыкітап баспасы" әзірлеген жалпы білім беретін мектептердің үшінші сынып оқушыларына арналған "Әдебиеттік оқу" оқулығынан алынды... Бұл әңгіме бұрын оқулықтарда 2002, 2009 жылдары болған. Кейінгісі 2017 жылы Мемлекеттік білім стандартының талаптарына және "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі орыс тілінде оқытатын мектептердің 2-4 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген. Бұл әңгіме "Жануарлар әлемі" бөлімінде кездеседі.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылы типтік оқу жоспарының мазмұнына өзгерістер енгізілді (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығы). Мұндағы негізгі мазмұнда 3-сынып оқулығына Геннадий Снегиревтің факультативтік әңгімелері ұсынылды.

"Қазір типтік оқу бағдарламасына түзетулер енгізіліп жатыр және оқулық қайта басылып шығады", - деп толықтырды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: