Шымкентте жол апаты салдарынан 2-сынып оқушысы зардап шекті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 23:45 Сурет: zakon.kz
21 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Шымкенттің Абай ауданы аумағында "Асар-2" шағын ауданындағы Атакент және 2-ші көшелердің қиылысында "КамАЗ-5320" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға салдарынан екі аяғы сынған деген диагнозбен кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр". Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: