Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жылу қашан қосылады

Алматыда жылу қашан қосылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 17:13 Сурет: pexels
"Алматы жылу желілері" ЖШС қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания Алматы қаласында жаңа жылу маусымының ашылуы метеорологиялық болжамдар мен ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталатынын айтты.

"Алматы қаласын жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысымен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күнде +8°С және одан төмен болған кезде объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу басталады", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мына тәртіпте жүзеге асады:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік-техникалық училищелер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар.

Кәсіпорын өкілдері ауа райы болжамы талапқа сай болған кезде "Алматы жылу желілері" ЖШС тұтынушыға (үйге кіргенге дейін) жылу беретініне сендірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: