Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы әуежай уақытша жабылады

Орал, Мәншүк Мәметова әуежайы, Орал қаласына рейстер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 10:08 Сурет: akorda.kz
Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайы 8-10 қазан аралығында уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәншүк Мәметова атындағы [алықаралық әуежай жермен жүру жолын 8-10 қазан аралығында жөндеуге байланысты жабылады, деп жазды Air Astana компаниясының Telegram-дағы ресми арнасы. Сондықтан осы кезеңде әуекомпания Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерді тоқтатуға мәжбүр.

"Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады", делінген хабарламада.

Компания өкілдері қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орнына хабарласу қажет екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: