Оралда көші-қон заңын бұзған Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды

Оралда көші-қон заңын бұзған Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды. Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды.
Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Ауғанстанның екі азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды.
Олар Орал полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript