Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 22:14 Сурет: polisia.kz
Атыраулық полицейлер елде 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2019 жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматын анықтаған.

Шетелдік азамат Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келгенін және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан.

Алайда құжаттарын іздеуді немесе жаңалауды ойламаған. Атыраулық полицейлер 34 жастағы шетелдікті қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: