Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында 44 жылдан бері құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 00:10 Сурет: polisia.kz
Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жылдан құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінді. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген, 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған. Қажетті анықтамаларды жинап жатқанда, төлқұжатын да жоғалтқан.

Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды.

Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге көмектесті. Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнеткерлікке шыға алады.

Жеке куәлікке қол жеткізген аудан тұрғыны қуанып, тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: