Алматы полициясы Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген азаматтарды елдеріне жіберді

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Өзбекстан мен Тәжікстанның 48 азаматы елдеріне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полициясы мемлекеттік шекараға дейін жету үшін автобус бөлді.
Осы күндері қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған "Заңсыз келуші" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
"Іс-шараның үш күнінде Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 464 шетелдік жауапқа тартылса, олардың 88-і сот шешімімен елден шығарылды. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тағы 237 шетел азаматы полиция департаментінің қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында заң бұзуына жол берген 128 отандасымызға қатысты әкімшілік шара қолданылды.Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript