Қазақстандағы кейбір автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады
Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті.
Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.
Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:
- 2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";
- 2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара";
- 2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы";
- 2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.
Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.
- Жеңіл көліктер – 0 тг/шақырым (босатылған);
- 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/шақырым;
- 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/шақырым;
- 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/шақырым;
- жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/шақырым;
- жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/шақырым.
Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.
Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.