Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды

сейф, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 12:04 Сурет: Zakon.kz
58 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.

"Ер адам сейфте аңшылық мылтықтарымен бірге алтын бұйымдарын сақтаған. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ, иесін қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын қайта даярлауға мамандандырылған оқу орталығына жіберу туралы қаулы шығарылды. Қару тәркіленді, оқу курстары аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар жойылған соң қайтарылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: