Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер елдің басым бөлігінде екпіні күшті жел тұратынын ескертті

күз, жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 16:16 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байлынысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі бар.

Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: