Жаңбыр, қар, тұман: 10 қазанда кей өңірде күн бұзылады
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 10-11 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.