Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты

Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 01:40 Сурет: vseobovsem_pvl
Әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото таралып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оны оқушы өзінің анасына жіберген.

"Ботқаның ішінде тірі жеміс құрты табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан болатын. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген еді", - деп жауап берді М.Әуезов атындағы орта білім мектебі. 

Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Сондай-ақ, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: