Жаңалықтар тізбегі
0

Базалық ставканың не екенін білесіз бе?

Ең алдымен ол еліміздегі кредит пен депозиттердің пайыздық сыйақы мөлшерлемелеріне тікелей әсер етеді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 17:36 Сурет: Zakon.kz
Базалық ставка деген не? Қатардағы азаматтардың өміріне оның қандай әсері бар? Осыны әрбір адам түсінуі үшін базалық ставканың не екенін қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік.

Ең алдымен ол еліміздегі кредит пен депозиттердің пайыздық сыйақы мөлшерлемелеріне тікелей әсер етеді. Демек, ол құбылмалы дүние. Сонда базалық ставканы бекітетін кім? Жауап анық – Қазақстан Ұлттық Банкі.

Бұл реттеуші орган Қазақстанда орталық банктің қызметін атқарады. Елімізде монетарлы билік саналады. Сол Ұлттық банктің ішінде Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет бар. Базалық ставканы сол комитет бекітеді.

Базалық ставка арқылы Ұлттық Банк инфляцияны реттеп отырады. 2020 жылы орын алған пандемиядан кейін бүкіл әлем бойынша тауар тасылымы тоқтап қалды да, планета масштабында қымбатшылық күрт артып кетті. Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,4% болып тұрған. Ал 2022 жылы ол 20,3 пайызға дейін бірден көтерілді.

Жалпы былтырғы жылды біз үшін инфляциялық шок кезеңі деп айтсақ болады. Классикалық экономикалық теорияға сай, инфляция тым өршіп тұрғанда орталық банктер базалық ставканы жоғары деңгейде ұстау керек.

Біздің Ұлттық Банк те былтырғы жылдың соңында ставканы 14 пайыздан бірден 16,75 пайызға көтерді. Оның себебі өте қарапайым. Ақша массасы тауарлар мен қызметтен көбірек болса, бірден қымбатшылық басталады. Яғни, ақша тым көп кезде инфляция күшейеді. Нарықтағы осы ақша массасын қаржыгерлер "өтімділік" деп атайды.

Ал егер базалық ставка жоғары болса, онда коммерциялық банк депозиттерінің де сыйақысы жоғары қойылады. Мысалы, қазір базалық ставка 16% кезінде, банк депозиттері өз клиенттеріне қысқамерзімді салымдарға орта есеппен 16,8% ұсынуда.

Осы кезде банк депозиттеріне ақшаны салу, жинау өте тиімді болады. Барлық өтімділік осы депозиттерге (және облигацияларға) ауыса бастайды. Сәлден кейін нарықта басы бос ақша азаяды. Соның нәтижесінде, тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі баяулап, инфляция жоспарланған қалыпқа келеді.

Артынан кейін, инфляция сабасына түсіп жатса, орталық банктер базалық ставканы жайлап түсіреді. Ол кредиттің арзандап, экономикалық белсенділіктің қайта жандануы үшін қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: