Алматылықтарға Бұқар Жырау бульварында жол қозғалысы шектелетіні ескертілді

Шектеу, жол қозғалысы, Алматы, Бұқар Жырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 19:57 Сурет: Zakon.kz
30 қарашада сағат 7:00-ден бастап 2 желтоқсанда сағат 06:00-ге дейін Бұқар Жырау бульвары мен Байзақов көшелері қилысының оңтүстік бөлігі, сондай-ақ Бұқар Жырау бульвары бойынша Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралығы жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары арқылы Есентай өзеніне дейін тартылған орта қысымды жерасты газ құбыры  1972 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы – 1766,9 п.м. Жұмыс барысында оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт коррозиялық зақымдануы анықталды. Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", делінген "QazaqGazAimaq" АҚ хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: