Алматыдағы Дәулеткерей көшесінің бір бөлігінде осы сенбіде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: Zakon.kz
Бұл асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты.
Жұмыстар "Алматы қаласындағы батыс кәріз коллекторын салу" жобасы аясында қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Жобаның қала үшін стратегиялық маңызы зор. Ол жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын кәріз коллекторын — Жандосов көшесінен қалалық тазарту нысандарына дейін салуды көздейді.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 200 мың тұрғын орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтылады, инженерлік желілердің сенімділігі артады, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарады және қаланың аудандарын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады.