Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Zakon.kz
2026 жылы 11 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеулер 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық әдіспен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
"Бұл жұмыстар "ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру" жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмысты мердігер ұйым — "SARYARKA-MS" ЖШС атқарады". "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ
Компания мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты — Алматы қаласы тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыру.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript