Алматының Алатау ауданында Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 14:04 Фото: Zakon.kz
Алматының Алатау ауданында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Оңғарсынова көшесінің Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл жұмыс 2026 жылы 21 сәуір сағат 22:00-ден 2 мамырға дейін жүргізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша өзгерісті ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алғаны жөн.

Аталған жұмыстар қаланың маңызды инфрақұрылымдық жобаларының бірі "Батыс кәріз коллекторының құрылысы" аясында қолға алынған. Коллектордың жалпы ұзындығы Жандосов көшесінен қалалық тазарту құрылыстарына дейін 35 шақырым.

Жоба аяқталғаннан кейін 200 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, санитарлық ахуал жақсарып, инженерлік желілердің сенімділігі артып, апаттық жағдайлар қаупі төмендейді деп болжанып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: