Теміртаулық полицейлерге ерлі-зайыпты айдап келе жатқан көліктер күдік тудырған

10 қазан күні сағат 18:00 шамасында Теміртау полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Момышұлы көшесінің бойында күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған. Полицейлер 41 жастағы тұрғын мінген көлікті тоқтатты.
Артында келе жатқан екінші көлікте 39 жастағы әйел болған. Олардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды.
"Көліктердің құжаттарын тексеру барысында бірінші және екінші көлікте де шанақ нөмірлері құжатпен сәйкес келмеген. Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында ерлі-зайыпты Теміртау полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне жеткізіліп, көліктері айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 386-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды". Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Әсет Бұланбаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript