Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған күдікті ұсталды

зорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 22:45 Сурет: ашық дереккөз
Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде мәлімдеді.

"Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта.  Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын",  - деді әйел.

Аталған оқиғаға қатысты  Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.

"Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар  тағайындалды". Василий Скляр
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: