Павлодарда қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды

туу туралы куәлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 00:59 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2023 жылғы тамыз айында "Бақытты отбасы" орталығына 1987 жылы туған Василий Абадовский жүгінген. 

"Василийдің азаматтығы жоқ, қиын жағдайға тап болған және оған көмек қажет болды. Сондықтан ол балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына жүгінді", - деп хабарлады мекеме. 

Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманының көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған.

Бүгінгі таңда азаматтықты анықтау және жеке куәлікті ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: