Жаңалықтар тізбегі
0

Қоғамдағы мәселелерді шешуге азаматтық технологиялар қалай көмектесе алады

Орталық Азиядағы Еуразия қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:00 Сурет: Орталық Азиядағы Еуразия қорының баспасөз қызметі
Тараздық Балжан Абдуллаева денсаулығына байланысты екі жылдан астам ем қабылдаған. Бірнеше ота жасатқан. Балжанның айтуынша, сол кезде оның өміріне алаңдап, оны қолдаған - анасы мен өз баласы. Дәрігерлер, бір палатада жатқан әйелдер де оған көп көмектесіп, күйзелістен шығуына жәрдемдескен.

Балжан отадан кейін дәрігерлерден өзінің жанына ешкімді жатқызбауды өтінген. Дәрігер сол кезде "Балжан, ота аяқталды, өміріңіз үшін жансақтау бөлімінде 4 сағат күрестік, бәрі сәтті өтті, енді өмірге бейімделуіңіз керек. Тезірек сауығып шығуыңызға тілектеспіз. Сол себепті, керісінше, адамдардан қашпай, олармен сөйлескенің жөн" деп кеңесін айтқан. 

"Бір айдай ауруханада болдым. Қасымда түрлі диагнозбен түскен әйелдер жатты. Біреуі келіп жатты, енді бірі үйіне шығып жатты. Медициналық процедураларды алуға, асханаға тамақ ішуге барамыз. Осылайша, біртіндеп әйелдермен сөйлесіп, араласа бастадым. Әрине, әуеліде қиын болды. Жүруімнің өзі мұң еді. Сол палаталас әйелдер медицина қызметкерлерімен бірге көмектесіп, шай-тамағымды әкеліп беріп жүрді. Өзім бухгалтермін. Бухгалтерлік қызмет көрсететін аутсорсинг компаниям бар. Сол жердегі әйелдерге жәрдемақы алу, жеке кәсіпкерлікті тіркеу, оның есебін өткізу, декретке шығу деген сияқты сұрақтар бойынша кеңес бере бастадым. Біреуі косметикамен айналысқысы келеді, енді бірі үйде тәтті пісіреді. "Сату арқылы қалай табыс табуға болады?" деген тақырып бойынша әңгімелесе бастадық. Мұны естіп, бүкіл аурухана бөлімі менен кеңес сұрап, телефон нөмірімді де ала бастады. Әлі күнге дейін хабарласып, қал-жағдайымды біліп, кеңес сұрап тұрады. Тіпті кейбірінің жұмысқа орналасуына көмектестім", - дейді ол. 
Балжан Абдуллаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:00

Балжан Абдуллаева. Сурет жеке архивінен

Балжанның сөзінше, өзі әйелдермен коммуникациядан кейін қалыпты өмірге тез бейімделген. Ол білімі мен кәсібінің арқасында өзге адамдарға, әсіресе, әйелдерге көмектесе алатынын түсінген. Осыдан кейін қазіргі "Феникс" қоғамдық бірлестігін ашып, оны тіркеген. Оның бұл атауды таңдауы да бекер емес. Балжан өз өмірін "феникс құсына" теңейді. Өйткені ол да өз өмірін "күлден қайта бастағандай болдым" дейді.

"Түрлі тренинг-семинарға қатысып, сертификаттар алып, білімді одан әрі шыңдай бердім. Орталық Азиядағы Еуразия қорының Алматыдағы оқу бағдарламасына шақырту алдым. Алматыда үш күн оқыдым, ментор-спикерлердің дәрісін тыңдап, уоркшоптарына қатысып, сәтті аяқтадым. Әлі де вебинарларына, онлайн сессияларына қатысып тұрамын", - дейді өзі.

Балжан қатысушылардың арасында ұйымдастырылған шағын грант байқауына өтініш беріп, жеңімпаз да атанған.

"Бақыты ана - бақытты бала" дейтін жобамды қорғап, грант жеңіп алдым. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға жақын. Аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге жеттік. Тараз бен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы және Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы әйелдерге, соның ішінде жалғызбасты, мүгедектігі бар балаларды өсіріп отырған немесе өздері де ерекше күтімді қажет ететін әйелдердің жаңа технологияларды меңгеруіне көмектестік. Бұл жоба аясында оларға мемлекеттік қызметтерді дұрыс алуды, сұраныстар мен өтініштерді дұрыс толтыруды, дәрі-дәрмек алу, балабақшаға кезекке тұру, денсаулығына байланысты жәрдемақы алу, мемлекеттік гранттарға қатысу, түрлі оқу бағдарламасы бойынша білім алу, бюджетке қатысу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне, қоғамдық өмірге араласып, сол арқылы мемлекеттік жүйеге жақын болуды, азаматтық белсенді болуды үйренді. Осы кезде ғана мемлекет әйелдердің проблемасынан хабардар болады", - дейді ол.
Балжан Абдуллаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:00

Сурет жеке архивінен

Балжан дәл қазір оңалту орталығының жобасын дайындап жатыр. Оның айтуына қарағанда, алдағы уақытта бұл орталықта психологтар, дәрігерлер, педагогтар жұмыс істейді. Бұл орталыққа кез келген әйел келіп, оқу бағдарламаларына қатысып, мобильді топтың көмегіне жүгіне алады. 

Балжан Абдуллаева айтқан және басқа да қоғамдық мәселелерді шешу үшін азаматтық технологияларды тәжірибеде қолдану мәселелері Орталық Азияның Еуразия қоры Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен "ITeachMe" ҚҚ-мен ынтымақтастықта "Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау" жобасы аясында талқыланды.

Орталық Азиядағы Еуразия қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:00

Сурет: Орталық Азиядағы Еуразия қорының баспасөз қызметі

Жергілікті мемлекеттік ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен азаматтық белсенділер цифрлық белсенділіктің қоғамдық мәселелерді шешуге, азаматтық технологиялар арқылы халықпен өзара әрекетке, әлеуметтік осал топтармен, соның ішінде халықты қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жұмыс істеуге әсерін талқылады. Шешімдер қабылдау процесіне әйелдер мен жастардың қатысуын арттыруға көмектесетін жобалардың нәтижесі ұсынылды.

"Мықты азаматтық қоғам — жаңа Қазақстанның табыс кепілі. Бүгінгі таңда азаматтық технологиялар мемлекетті басқаруда шешуші рөл атқарады, өйткені олар азаматтарға барлық деңгейде белсенді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы біз Қазақстанның  азаматтық технологияларды барлығына қолжетімді ете отырып, заманауи мемлекетке ұмтылуын қолдаймыз. Өзгеріс енгізуші топ ретінде әйелдер мен жастардың бұл процесте рөлі өте маңызды". ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Баур
Орталық Азиядағы Еуразия қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:00

Сурет: Орталық Азиядағы Еуразия қорының баспасөз қызметі

Азаматтық технологиялар — бұл мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартатын, азаматтарды демократиялық процестерге тартуға ықпал ететін, үкіметтің ашықтығы мен есеп беруін ынталандыратын цифрлық құралдар. Ол құралдарға eGov, eOtinish сияқты мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ басқа да азаматтық жобалар жатады.  

"Цифрландыру — бұл қазіргі заманғы технологияларға көшу ғана емес, сонымен қатар халық пен билікті байланыстыратын, өзара әрекеттесуді тиімдірек және әрбір азамат үшін қолжетімді ететін көпір. Біздің жоба қазақстандықтарға белсенді шешімдер қабылдауға, саясатқа ықпал етуге және цифрлық технологиялар арқылы мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға көмектеседі". ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, цифрлық технологияларды дамытудағы трендтерді, сондай-ақ проблемалар туралы да айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: