Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор бұрынғы әділет министрлерінің қайсысын ұстады

антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 13:01 Сурет: pexels
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірше өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған бұрынғы әділет министрінің аты-жөнін ресми жарияламады. Бірақ кейбір ақпарат көздері ұсталған адамның кім екенін анықтап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Антикор тергеу мүддесін алға тартып, ұсталған адамның аты-жөнін және келтірілген шығын көлемін атамады. Бірақ қамауға алынғаннан кейін бірден бірқатар БАҚ пен Telegram арналарында ұсталған экс-министр туралы ақпарат пайда болды. Әңгіме Әділет министрлігін 2016-2022 жылдар аралығында басқарып, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қызметінен босатылған Марат Бекетаев туралы болып отыр дейді дереккөздер.

Антикор ұсталған Марат Бекетаев деген ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Дегенмен, экс-министрдің аты-жөнінің бір уақытта бірқатар Telegram арналары мен ақпарат құралдарында инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізетінін мәлімдегені бұл нұсқаны әбден орынды ете түседі.

Zakon.kz редакциясы ұсталған азаматтың кім екені туралы нақты ақпаратты анықтап жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: