Синоптиктер жексенбіде Алматыда ауа ластанады деп болжап отыр

"Қазгидромет" синоптиктері 22 қазанда Алматыда ауа ластанатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күні атмосферада ластаушы заттар көбірек жиналады. Республиканың басқа қалаларында ауа райы қолайлы болады.
Мұндай ауа райы кезінде:
- көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
- созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
- таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript