Желіде Ақмола облысында қар басқан жолдың видеосы тарады

қар, жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 19:33 Сурет: pexels
Ақмола полицейлері қар басқан трассалардың кадрларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Алдыңғы демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты. Ауа райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан көліктерге механикалық зақым келген.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға үндеді. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: