Павлодар облысындағы ауылда мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті
Сурет: видео скрині
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті. Сонымен қатар металлосайдинг құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мәдениет үйінің директоры Сандуғаш Мұқанованың айтуынша, 2023 жылғы 23 қазанда ауа райының нашарлауынан және желдің күшеюінен Шолақсор ауылында мәдениет үйінің шатыры мен металлосайдингтің ішінара бұзылуы тіркелген.
Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлады.
"Мәдениет үйінде биыл "ГрадСтройСервис" ЖШС күрделі жөндеу жүргізген". Сандуғаш Мұқанова
Бас мердігер ұйым 24 қазанда кепілдік міндеттемесі шеңберінде шатырдың және металлосайдингтің бұзылуын жою жөніндегі жұмысты бастайды және 14 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript