Бүгін Алматының ауасы лас болады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 10:39 Сурет: Zakon.kz
Сәрсенбі, 25 қазанда Алматыда ауадағы зиянды қоспалар жоғары болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 25 қазанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: